ERNUR.KZ. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты, деп жазады ktk.kz.
«Қазір микроқаржы ұйымдары екінші деңгейлі банктер ретінде құрылуы мүмкін. Бізде екінші деңгейлі банк ретінде құрылуға талпынып отырған екі ірі микроқаржы ұйымы бар, олар - KMF және Solva микроқаржы ұйымдары. Олардың қомақты сомадағы портфелі бар. Капиталдарының жеткілікті деңгейі қазірдің өзінде банк ретінде тіркелуге мүмкіндік беріп отыр», - деді Мәдина Әбілқасымова Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, былтыр тиісті конвертация жасауға мүмкіндік беретін тиісті заңнамалық түзетулер қабылданған.
«Өтініш беріп, банк лицензиясын алуға болады. Жаңа банктердің пайда болуына қатысты тоқталсақ, біз жаңа банктерді ашу талаптарын жеңілдету мақсатында банк жүйесі туралы заңнамаға түзетулер әзірлеп жатырмыз. Осы түзетулер қабылданғаннан кейін, Қазақстанда банк ашуға талпынғандар көбейеді деп санаймыз», - деді М. Әбілқасымова.