Қазақстандық алған несиесін өтеуді ажырасқан әйелі екеуіне ортақ етуді сұрап, сотқа арызданды

0
357

Ер адам бұрынғы әйелін сотқа берді.


Қазақстандық алған несиесін өтеуді ажырасқан әйелі екеуіне ортақ етуді сұрап, сотқа арызданды

Фото: vtambove.ru

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны ажырасқаннан кейін несие қарызын бұрынғы әйелімен бөліскенін дәлелдемек болды. Облыс сотында азаматтық іс қаралды, деп жазады stan.kz.

Ер адам бұрынғы әйелін сотқа берді. Ол некеде тұрған кезде оның атына тұтынушылық несие берілгенін, қазіргі уақытта қарыз 363 мың теңге болғанын айтты.

Талапкер қарызды ортақ деп тануды және жауапкерден қалған соманың жартысын өндіруді сұрады. Алайда, сот ажырасу кезінде барлық борыштық міндеттемелер бөлуге жатпайтынын айтты. Ол үшін әйелдің бұрынғы күйеуі қарызға алынған қаражаттың отбасының қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмсалғанын дәлелдеуі тиіс.

Ер адам ақшаның дәл осы мақсатқа, соның ішінде көлік пен азық-түлік сатып алуға жұмсалғанын түсіндірді. Бірақ, оның дәлелі болмағандықтан, сот оның өтінішінен бас тартты.