​Қазақстандық депутаттар демалысқа кетті

0
1 282

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин ҚР Парламентінің алтыншы шақырылымның кезекті сессиясының аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Қазақстандық депутаттар демалысқа кетті

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин ҚР Парламентінің алтыншы шақырылымның кезекті сессиясының аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Zakon.kz. сайтына сілтеме жасап.

«Бүгін біз алтыншы сайланған ҚР Парламентінің үшінші сессиясын аяқтап отырмыз. Бұл біздің жұмысымызға қорытынды жасап қана қоймай, ең біріншіден алдағы мақсаттарды жоспарлайтын өте маңызды сәт. Әрине, депутаттық корпустың бүкіл жұмысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үшінші сессияның ашылуында көрсеткен стратегиялық тапсырмаларын, сонымен бірге Президенттің биылғы Жолдауында көрсетілген барлық міндеттерді жүзеге асыруға арналды», - деді Нұрлан Нығматулин.

Сондай-ақ, Н. Нығматулин алтыншы сайланған Парламенттің үшінші сессиясы өте маңызды әрі тарихи кезеңде өткенін атап өтті. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етті, елде ЭКСПО көрмесі ұйымдастырылды, сонымен қатар Астанада Сириядағы соғысты бейбіт жолмен реттеуге қатысты келіссөз өтті, Қазақстан келіссөздер үшін әлемдік алаң болды. Оған қоса, Парламент қабырғасында президент «Бес әлеуметтік бастама» - «қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бірегей және теңдесі жоқ шаралар жиынтығын» жариялады.

«Бұл бастамаларға қатысты заң шығару процесінде депутаттар белсенділік танытты. Осы сессияда жоғары сапалы заңдар мен Елбасының басқа да нұсқаулықтарын орындау парламенттің ең негізгі, жауапты міндеттерінің бірі болды», - деді мәжіліс спикері.

Н.Нығматулиннің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін палаталардың төрт бірлескен отырысы, мәжілістің 38 пленарлық отырысы және сенаттың 25 жалпы отырысы өтті, 400-ге жуық маңызды мәселе қаралды. Үшінші сессияның басында екі палатада 129 заң жобасы болды, оның 84-і қабылданды, тағы 65-ке жуық заң жобасына ҚР Президенті қол қойып өз күшіне енді.