Қазақстандық оқушылар IMO-2024 халықаралық математикалық олимпиадасында бес медаль жеңіп алды

0
344

Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Динмухамед Егеубаев мақтау грамотасына ие болды.


Қазақстандық оқушылар IMO-2024 халықаралық математикалық олимпиадасында бес медаль жеңіп алды

Ұлыбританияда өткен 65-ші Халықаралық математика олимпиадасында Қазақстан құрама командасының қоржыны тағы бес медальмен толықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Әлемдік үздік 7 олимпиаданың (IPHO, IBO, IOI, IChO, IGeO IOL) қатарына кіретін жарыста топ жарғандар:

  • Шарел Марғұлан – Жамбыл облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы (2-орын);
  • Амирлан Аманжолов – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы (2-орын);
  • Мирон Юркевич – Алматы қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы (2-орын);
  • Жан Даутов – Қостанай облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы (3-орын);
  • Владимир Роговский – Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы (3-орын).

Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Динмухамед Егеубаев мақтау грамотасына ие болды.