Қазақстандық полицейлер енді аяғына кроссовка киеді

0
567

​Жыл соңына қарай көшеде жүретін учаскелік инспекторлар мен патрульдік полицейлер форма ауыстырады.


Қазақстандық полицейлер енді аяғына кроссовка киеді

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қазақстандық полицияның жаңа формасы туралы айтты, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Біз жыл соңында көшеде жүретін учаскелік инспекторлар мен патрульдік полицейлерге жаңа форма кигіземіз. Ол сынақтан өтті, өте ыңғайлы. Көшелерде қызмет атқару үшін жаңа элемент – кроссовка, берцы түріндегі аяқ киім енгізіліп отыр. Өйткені халықпен тығыз жұмыс істейтін тәртіп сақшыларының киімі ыңғайлы болуы тиіс", - деді ол орталық коммуникациялық қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ Тұрғымбаев патрульдік полицияның жаңа формасында түнгі уақытта алыстан көріну үшін жарық шағылыстыратын элементтер көбейетінін атап өтті.

Айтуынша, полиция формасына қосымша ақша талап етілмейді. Бәрі бұған дейін көзделген қаржыландыру аясында жүзеге асады.

"Кезең-кезеңмен екі жыл бойы бүкіл қазақстандық полицияға жаңа форма кигіземіз", - деді ол.

Былтыр күзде ішкі істер министрлігі президентке полицейлердің жаңа формасын таныстырғаны хабарланды.