43 жастағы Қазақстан азаматы сноубордпен сырғанау кезінде өзінің досымен соқтығысқан.
ERNUR.KZ. Қазақстандық турист Қырғызстандағы "Каракол" тау-шаңғы базасында қаза тапты, деп жазады baq.kz.
Ыстықкөл облыстық ІІБ мәліметінше, оқиға 27 ақпанда тау-шаңғы трассасында болған. Полицияға жазатайым оқиға туралы хабар түскеннен кейін, жедел-тергеу тобы оқиға орнына келген.
Тергеу барысында 43 жастағы Қазақстан азаматы сноубордпен сырғанау кезінде өзінің досымен соқтығысқаны анықталды. Ер адам алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды.
Факт Ақ-Суу ауданы ІІБ ақпаратты есепке алу журналында тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.