​Қазақстандық СОО-да «Тілектер ағашы» пайда болады

0
897

«Армандар орындалады» республикалық акциясы қазақстандық 100 баланың тілегін орындауға мүмкіндік береді.


​Қазақстандық СОО-да «Тілектер ағашы» пайда болады

Қазақстанда тұрғындарды ауыр диагнозы бар балалардың тілектерін орындауға тартуға бағытталған «Армандар орындалады» республикалық акциясы бастау алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығында кең ауқымды «Армандар орындалады» акциясын өткізу жөніндегі жобаның тұсаукесері өтті. Ол ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылады. Ауыр диагнозы бар балаларды қолдауға бағытталған жобаға меценаттар, қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары, еріктілер тартылады деп күтілуде.
«Жыл соңына дейін барлық өңірлерде «Тілектер ағашы» және «Вох dream» сияқты акцияларды өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл іс-шаралар бізге ауыр дертке шалдыққан балалардың тілектерін орындауға танымал адамдарды, меценаттар мен демеушілерді, сондай-ақ, белсенді азаматтарды мүмкіндігінше көптеп тартуға көмектеседі. «Тілектер ағашы» акциясы аясында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы, сондай-ақ еліміздің 14 өңіріндегі сауда ойын-сауық орталықтарында балалардың тілектері ұсынылатын «Тілектер ағашын» орнатамыз. Бұл тілектерді кез келген адам орындай алады. Жуырда Алматыда «Тілектер ағашы» акциясының ресми ашылуы өтеді», - деп атап өтті жоба жетекшісі Шәміл Ванкеев.
«Вох dream» акциясы аясында танымал тұлғаларға жобаның логотипі, ауыр дертке шалдыққан балалар туралы ақпараты және оны арманы жазылған брошюралары бар қораптар жіберіледі. Сондай-ақ, жұлдыздар жобаға арнайы роликтердің жүргізушісі ретінде шақырылмақ. Роликтер арқылы жобаға қатысатын әрбір баланың арманы қалай орындалғанын білуге болады.
Сонымен қатар, «Армандар орындалады» республикалық акциясы аясында еліміздің еріктілері хоспистерде, ауруханаларда балалардың демалысын ұйымдастыруға арналған ойын-сауық іс-шараларын белсенді жүргізуде. Жоба ұйымдастырушылары Телеграм-да @ArmandarOryndalady_Bot чат-ботын да іске қосты.
Оның көмегімен жоба туралы толық ақпаратты алуға, еріктілер мен қайырымдылық жасаушылар қатарына қосылуға, сонымен қатар армандары орындалатын жоба қатысушысы атануға болады.
Айта кетейік, «Армандар орындалады» республикалық акциясы қазақстандық 100 баланың тілегін орындауға мүмкіндік береді.