Қазақстандықтар 8 мамырда демалады

0
515

Қазақстанда мамыр мерекесіне байланысты демалыс күні ресми түрде 4 мамырдан 8 мамырға ауыстырылды.


Қазақстандықтар 8 мамырда демалады

Бұйрықты Қазақстан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабы 3-тармағына сәйкес жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында бұйырамын: демалыс күні 2024 жылғы 4 мамыр сенбіден 2024 жылғы 8 мамыр сәрсенбіге ауыстырылсын", - деп жазылған құжатта.
Яғни, қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады: 2024 жылдың 7, 8 және 9 мамыры. 4 мамыр – жұмыс күні.
Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.