Қазақстандықтар бұдан былай әскерге SMS арқылы шақырылады

0
203

Құжатта қазақстандықтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жөнінде хабардар етудің электронды әдісі белгіленеді.


Қазақстандықтар бұдан былай әскерге SMS арқылы шақырылады

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар енді, әскерге смс арқылы шақырылады. Мәжіліс тиісті заң жобасын мақұлдады, деп жазады zakon.kz.

Құжатта қазақстандықтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жөнінде хабардар етудің электронды әдісі белгіленеді.

Қорғаныс министрлігі осы мақсатта SMS хабарламаларды "Электронды үкімет" веб-порталы – 1414 қызметі және пайдаланушының "жеке кабинеті" арқылы жібермек.

Сондай-ақ қазақстандықтар әскери қызметке шақыруды бір рет қана кейінге қалдыра алады.

Яғни азамат бакалавриатты аяқтаған соң, басқа мамандық бойынша қайта бакалавриат оқыған кезде әскери қызметті кейінге қалдыру мүмкіндігін ала алмайды.

Некеде тұрған азаматтар, егер жұбайы жүкті болса, отбасылық себептері бойынша мерзімді әскери қызметке шақыруды 12 және одан да көп аптаға кейінге қалдыруға болады, – делінген заң жобасында.