Қазақстандықтар Түркия ұшағында төбелес шығарған: Енді олар 120 мың доллар айыппұл арқалауы мүмкін

0
231

Оқиға 14 ақпанда болды.


Қазақстандықтар Түркия ұшағында төбелес шығарған: Енді олар 120 мың доллар айыппұл арқалауы мүмкін

Фото: видеодан скрин

ERNUR.KZ. Анталиядан Астанаға бағыт алған Pegasus Airlines рейсінде саяси көзқарастар салдарынан украина мен Қазақстан азаматтары арасында жанжал шықты. Салдарынан ұшақ Эрзурумға шұғыл қонуға мәжбүр болған, деп жазады stan.kz.

Оқиға 14 ақпанда болды. Clash Report басылымының мәліметінше, саяси келіспеушіліктерге байланысты Украинадан келген жұп пен екі қазақстандық арасында жанжал басталған. Даудың арты тез арада төбелеске ұласып, ұшқыштарды шұғыл қону туралы шешім қабылдауға мәжбүр еткен.

"Украинадан келген жұп пен ресейді жақтаушы екі қазақстандық Pegasus Airlines рейсінің Анталья — Астана бортында төбелесті. Ұшақ Эрзурумға мәжбүрлі түрде қонды. Төртеуі де ауруханаға жеткізілді. Кейін полицияға тапсырылды", — деді басылым.

Оқиғадан кейін Pegasus Airlines компаниясы жанжал шығарғандарға зиянды өтеу туралы талап қойды. Түрік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұшақты мәжбүрлеп қондыру және жанармай құю құны 120 мың АҚШ доллар тұрады.

Ал жолаушылардың қылмыстық жауапкершілікке тартылып-тартылмауы әлі белгісіз.