Қазақстандықтардың италиялық кәсіпкерді азаптауы: СІМ оқиғаға қатысты пікір білдірді

0
944

Үш қазақстандық ресейлік MMA балуаны Хусейн Асхабовпен және оның егіз інісімен сөз байласып, италиялық кәсіпкерді ұрлап, азаптап, тонаған деген күдікке ілінгені хабарланған.


Қазақстандықтардың италиялық кәсіпкерді азаптауы: СІМ оқиғаға қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан азаматтарының Тайландта италиялық кәсіпкерді азаптағаны және тонағаны жөніндегі ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп жазады ulysmedia.kz.

Министрлік өкілі бұл ақпараттан хабардар екенін, бірақ ведомствоға Тайландтан ресми ақпарат келмегенін мәлім етті. Ол шетелдік БАҚ-та жарияланған бұл ақпаратқа түсініктеме беруге құқығы жоқ екенін атап өтті.

"Бұл оқиға жөнінде тайландтық БАҚ-тан оқыдыңыздар. Мен сіздерге ресми өкіл ретінде айтайын: біз бұл ақпаратты Тайланд билігінен ресми түрде алған жоқпыз. Ал қалғаны қауесет қана", – деді Айбек Смадияров

Оның айтуынша, министрлік тергеу жүргізбейді және құқық қорғау органдарының жұмысын атқармайды.

"Біз азаматтарымыздың құқықтары мен мүдделерінің, тіпті олар қылмыскер болса да, бұзылмауын қамтамасыз етуге міндеттелетін сыртқы саясат ведомствосымыз", – деп еске салды СІМ өкілі.

Еске салайық, бұдан бұрын үш қазақстандық ресейлік MMA балуаны Хусейн Асхабовпен және оның егіз інісімен сөз байласып, италиялық кәсіпкерді ұрлап, азаптап, тонаған деген күдікке ілінгені хабарланған.