Қазақстандықтардың кредиті коллекторға сатылмайды: мораторий тағы бір жылға ұзарды

0
110

​Мораторий мерзімі 2026 жылғы мамырда аяқталуға тиіс еді.


Қазақстандықтардың кредиті коллекторға сатылмайды: мораторий тағы бір жылға ұзарды

фото: Depositphotos.com / VitalikRadko

ERNUR.KZ. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтардың кредитін коллекторларға сатуға енгізілген мораторийді 2027 жылғы 1 мамырға дейін ұзартуды жоспарлап отыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Агенттік төрағасы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, мораторий оң нәтиже бере бастаған.

«Былтыр коллекторларға азаматтардың кредиттерін сатуға 2026 жылғы 1 мамырға дейін мораторий енгізілді. Нәтижесінде коллекторлық агенттіктерде проблемалық қарыз алушылардың саны 54 пайызға азайған. Осы тиімділікті ескере отырып, мораторий мерзімін 2027 жылғы 1 мамырға дейін ұзарту жоспарланып отыр», - деді ол Үкімет отырысында.

Сондай-ақ проблемалық қарыз алушылардың санын азайту мақсатында соттан тыс банкроттық рәсімі одан әрі жеңілдетіледі. Банктер соттан тыс банкроттық қолданылатын проблемалық қарыз алушыларды анықтап, оларға осы мүмкіндік туралы СМС-хабарлама жолдайды.