Қымбаттау Ақтөбе облысында жылына 15,2% -ға, одан кейін Ақмола және Қарағанды облыстарында байқалды.
ERNUR.KZ. Қазақстанда орталық жылыту жүйесінің тарифті соңғы жеті айдағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,2%-ға қысқарған деп жазады Stan.kz.
Еліміздің 17 өңірінің 13-інде орталық жылу тарифтері өсті. Қымбаттау Ақтөбе облысында жылына 15,2% -ға, одан кейін Ақмола және Қарағанды облыстарында байқалды.
Үш өңірде тарифтер төмендеген, айтарлықтай бағасы төмендеген өңір Түркістан облысында: бірден 40,5%. Сондай-ақ, Қостанай облысында (6,7% - ға) және Алматыда (3,2% - ға) байқалды”, – дейді сарапшылар.
Қазақстан бойынша орталықтан жылытудың орташа тарифі 1 Гкал үшін 3522 теңгені құрады.
Ірі қалалар мен мегаполистер арасында тариф Көкшетауда 1805 теңгеден басталса, Атырауда 5383 теңгеге дейін жетеді. Жылыту бойынша ең қымбат қалаларға Шымкент пен Алматы, Атырау кіреді.
Ең төмен тарифтер солтүстік өңірлерде байқалады: Көкшетаудан басқа Павлодар және Нұр-Сұлтанда тіркелген.