2025 жылдың басымен салыстырғанда халық өсімі – 212 576 адам.
Фото: Zakon.kz
ERNUR.KZ. Ұлттық статистика бюросында (ҰСБ) 2026 жылғы 2 ақпанда Қазақстан халқының жаңартылған саны туралы мәліметтер жарияланды, деп жазады zakon.kz.
Жарияланған статистикалық деректерге сәйкес, ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы Қазақстан халқының саны – 20 495 975 адам, оның ішінде:
- 10 477 240 әйел,
- 10 018 735 ер адам.
Бюроның хабарлауынша, Қазақстандағы қалалық халық саны – 13 029 803 адам, ал ауылдық – 7 466 172 адам.
2025 жылдың басымен салыстырғанда халық өсімі – 212 576 адам, оның ішінде:
- табиғи өсім – 196 423 адам,
- көші-қон сальдосы – 16 153 адам.

Сурет: stat.gov.kz
Статистикалық деректерге сүйенсек, республика бойынша халық саны бойынша көшбасшы 7 өңір сақталған:
- Алматы – 2 347 924 адам
- Түркістан облысы – 2 148 658 адам
- Астана – 1 638 233 адам
- Алматы облысы – 1 596 331 адам
- Шымкент – 1 293 648 адам
- Жамбыл облысы – 1 215 373 адам
- Қарағанды облысы – 1 131 287 адам
Халық саны ең аз 3 өңірдің тізімі де өзгермеген:
- Ұлытау облысы – 218 993 адам
- Солтүстік Қазақстан облысы – 514 156 адам
- Абай облысы – 595 676 адам


