Қазақстанның тағы бір қаласында коронавирус жұқтырған адам анықталды

0
1 128

Бұған дейін Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларында қауіпті індетті жұқтырғандар тіркелген еді.


Қазақстанның тағы бір қаласында коронавирус жұқтырған адам анықталды

Қазақстанда тағы бір адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Қазақстандағы коронавирус бойынша 21 наурыздағы 12.00 сағ. жағдай.

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Талдықорған қаласында тіркелді.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 28 адам, Алматы қаласында – 22 адам, Қарағанды қаласында - 2, Талдықорған қаласында - 1 адам, жалпы 53 науқас тіркелді,
- делінген Денсаулық сақтау министрлігінің ресми парақшасында.