Қазаннан бері жоқ: Алматы облысында 16 жастағы студент іздестіріліп жатыр

0
83

2009 жылғы 13 желтоқсанда туған, 2025 жылғы 2 қазанда жоғалып кеткен.


Қазаннан бері жоқ: Алматы облысында 16 жастағы студент іздестіріліп жатыр

instagram/volontery_lider.kz_almobl

ERNUR.KZ. Алматы облысында былтыр қазаннан бері 16 жастағы студент із-түзсіз жоғалып кеткен. Жасөспірім туралы ақпаратты LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында жариялады, деп жазады tengrinews.kz.

Щербинин Денис Валерьевич, 2009 жылғы 13 желтоқсанда туған, 2025 жылғы 2 қазанда жоғалып кеткен. Жасөспірім сол күні шамамен сағат 15:00-де Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемер ауылы, Орымбетова көшесі, 85-үймекенжайында орналасқан кәсіптік колледжден шығып, қайта оралмаған.

Белгілері: бойы 170–175 сантиметр, арықша денелі, шашы қара. Киімі: қара-көк түсті күртеше, сұр түсті қалың жейде, қара шалбар.