"ҚазМұнайГаз" АҚ-ға қатысты тергеу басталды

0
717

Сұйытылған газ бағасының негізсіз көтерілуіне қатысты ұлттық компанияның кеңсесінде тергеу жүргізіп жатыр.


ERNUR.KZ. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясына қатысты тергеуді бастады, деп жазады inbusiness.kz.

Ведомство елде сұйытылған газ бағасының негізсіз көтерілуіне қатысты ұлттық компанияның кеңсесінде тергеу жүргізіп жатыр.

"Елордалық монополияға қарсы департамент қызметкерлері "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының кеңсесінде тергеу жүргізуде", - деп жазылған хабарламада.

Осыған дейін агенттік "ҚазМұнайГаз" АҚ, "Petrosun" ЖШС, "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ, "СП Қазгермұнай" ЖШС, "Қазақойл Ақтөбе" ЖШС және "ҚазГӨЗ"ЖШС сынды сұйытылған газдың сататын ірі компанияларға қатысты тергеуді бастағанын хабарлаған.