«ҚазМұнайГаздың» басқарма мүшелері бір жылда 497 млн теңге сыйақы алған – ресми ақпарат

0
147

Компания осы ретте әлеуметтік желілерде таралған кейбір ақпаратты жоққа шығарып отыр.


«ҚазМұнайГаздың» басқарма мүшелері бір жылда 497 млн теңге сыйақы алған – ресми ақпарат

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

ERNUR.KZ. 2024 жылы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының Басқарма мүшесіндегі адамдарға 497 815 040 теңге сыйақы төленген. Бұл туралы компаниясының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Компания осы ретте әлеуметтік желілерде таралған кейбір ақпаратты жоққа шығарып отыр.

«Кейбір telegram-арналарда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелеріне төленген сыйақы туралы ақпарат жарияланған болатын. Осыған байланысты ҚМГ баспасөз қызметі төмендегіні хабарлайды: басқарманың барлық мүшелеріне төленген сыйақының жиынтық мөлшері 497 815 040 теңге. Бұл сомаға бір жылдың жалақысы, салық, зейнетақы аударымдары, әлеуметтік төлемдер, демалыс төлемдері, сондай-ақ 2023 жылдың бонусы кіреді», - деп хабарланған ақпаратта.

Баспасөз қызметі «ҚазМұнайГаздың» қазіргі басшысы Асхат Хасенов бұл лауазымға 2024 жылдың мамыр айында тағайындалғанын, сондықтан, ол 2023 жыл және 2024 жылғы бонустардан құр қалған көрінеді. Айта кетейік. Хасеновтің басқармада тоғыз орынбасары бар.