​Келесі оқу жылынан бастап бастауыш және орта сынып оқушылары жаңа білім стандартына көшеді

0
275

Дерекке қарағанда, бастауыш және орта білім беру сапасын арттыру, негізгі ережелерді өзектендіру мақсатында мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты (МЖМБС) әзірленді.


​Келесі оқу жылынан бастап бастауыш және орта сынып оқушылары жаңа білім стандартына көшеді

Фото: Айбек Құттыбек/Kazinform

ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрлігі келесі оқу жылынан бастап бастауыш және орта сынып оқушылары жаңа білім стандартына көшетінін мәлімдеді, деп жазады inform.kz.

Дерекке қарағанда, бастауыш және орта білім беру сапасын арттыру, негізгі ережелерді өзектендіру мақсатында мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты (МЖМБС) әзірленді.

МЖМБС жобасы екі жыл бойы педагогикалық, сараптамалық қоғамдастықтардың, ата-аналар қауымдастығының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен және депутаттармен талқылана отырып жасалған.
- МЖМБС жобасында оқытудағы құндылыққа бағдарланған тәсілге және білім берудегі инклюзивті тәсілді арттыруға баса мән берілген. Жаңа МЖМБС жобасында пәндер мен сағаттар саны сақталатынын атап өткен жөн, - ескертті министрліктен.
Білім беру стандарттарын өзектендіру – білім беру саласындағы заманауи үрдістерді ескеруге мүмкіндік беретін жалпы қабылданған әлемдік тәжірибе.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі қолданыстағы МЖМБС 2016 жылдан кезең-кезеңімен енгізілген болатын. Жаңа МЖМБС апробациясы 2025-2026 оқу жылында басталып, толық іске асыру 2026-2027 жылға жоспарланды.
Толық емес отбасындағы балаларға арналған білім беру квотасы қайта қаралады.