Студенттер қашықтан оқуға жіберілер кезде оқытушылар оларға арнайы материалдар таратқан.
ERNUR.KZ. Алматы қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Айтқұлова интернеті мен компьютері жоқ студенттер қашықтан қалай оқитынын айтты, деп жазады holanews.kz.
«Бізде 8 колледждің 108 студентінде смартфон жоқ. Студенттер қашықтан оқуға жіберілер кезде оқытушылар оларға арнайы материалдар таратқан. Олар «Қазпошта» арқылы және басқа да жолдармен ұстаздармен байланыста отыр», - деді ол.
Г.Айтқұлованың айтуынша, педагогтар білім беруді үйлерінен жүргізіп отыр.
«Менің ойымша, барлық оқытушыда ноутбук пен смартфон бар. Қазір білім басқармасы оқытушылардың қолындағы техника санын бақылауға алды», - деді басқарма басшысының орынбасары.
Осы уақытқа дейін Қазақстанда коронавируске шалдыққан 36 адам анықталды. Оның ішінде 18 жағдай - Алматыда, 18 факті - Нұр-Сұлтанда тіркеліп отыр.