Баспасөз конференциясына барған журналистердің камерасы сынып, смартфондарын алып қойған.
ERNUR.KZ. Алматыда өткен баспасөз конференциясы кезінде төбелес орын алды, деп жазады zakon.kz.
Оқиға Қазақстан халықаралық адам құқығын қорғау бюросының баспасөз конференциясы кезінде орын алған. Конференция «Мемлекет аналар мен балалармен күресуде» (Государство бореться с матерями и детьми) тақырыбында өтпек болған. Онда Ж.Демеуова, Г.Жаукерова және О.Шевчуктердің ісіне қатысты бірнеше фактілер айтылады деп күтілген.
Дәлізде 20 шақты аналар жиналған, оларға көпбалалы аналар чаты арқылы шақырту келген көрінеді.
Әйелдер журналистерге тап беріп, аппаратурасын тартып алып сындырып тастамақ болған. Полиция жарты сағаттан соң жеткен.
Келесі бейнежазбада белгісіз бір ер адамның әйелдердің бірін ұрғаны байқалады. Сондай-ақ, басқа әйелдерді де ұрмақ ниетте болған.
Оқиғаның басы-қасында болған көпбалалы аналардың бірі Ақтоты Утешова шақырту бойынша келгенін және өздерінің себебін айтты.
«Шақыртуда көпбалалы аналарды митингке алып шықпақ болғаны туралы жазылған болатын. Мен бұған ашуланып, басқа аналармен бірге не үшін бұлай етпек болғандарын және мемлекеттен көмек алып жатқанымызды айтуға келгенмін. Кабинеттің алдына жиналғанымызда бір ер адам келіп «кетіңдер бұл жерден» деді. Содан кейін тағы бойы қысқалау бір еркек келіп балағат сөздер айтып қорқыта бастады. Содан соң бір ананы ұрды...», дейді ол.