Коронавирус індеті қайта өршіп келеді - Тоқаев

0
1 786

Мемлекет басшысы коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл шаралары бойынша кеңес өткізіп жатыр.


Коронавирус індеті қайта өршіп келеді - Тоқаев

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы іс-қимыл жөнінде кеңесте індеттің қайта өршіп келе жатқанын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл шаралары бойынша кеңес өткізіп жатыр.

"Жалпы алғанда, қазіргі жағдайымыз жақсы емес. Тіпті ахуал өте күрделі деп айтуға болады. Коронавирус індеті қайта өршіп келеді. Мұны Қазақстан ғана емес, басқа да елдер басынан өткеріп жатыр. Оның негізгі себебі вирустың мутацияланған жаңа штамдары болып отыр",- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Шара барысында COVID-19-ға байланысты елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шаралар кешені, сондай-ақ азаматтарды вакцинациялау мәселесі қаралып жатыр.