Коронавируспен күресуге бағытталған арнайы шот ашылды

0
773

Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Алматы филиалы төрағасының орынбасары Станислав Канкуров Алматы әкімдігінде өткен онлайн брифинг барысында айтты.


Коронавируспен күресуге бағытталған арнайы шот ашылды

ERNUR.KZ. Алматыда «Жаңа Алатау» қоғамдық қорында коронавирустан қорғану үшін арнайы шот ашылды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бізге қарапайым халық пен партия мүшелерінен, бастапқы партия ұйымдарынан көп ұсыныс түсіп жатыр. Сондықтан әкімдіктің қолдауымен Алматы қалалық филиалы «Жаңа Алатау» қорында арнайы шот ашпақ. Бұл шотқа кез-келген азамат қаражат жібере алады. Бұл қаражатқа әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға санитарлық қорғаныс құралдары, антисептик, маска, санитайзер, антибактериалды салфеткалар сатылып алынады. Қордың есепшотына қазір 200 млн теңге көлемінде қаражат түсті. Бұл қаражаты ҚР Тұңғыш Президенті қоры аударған. Жаңа Алатау қоры» бүған дейін Алматы болған төтенше жағдайлар барысында Медеудегі өрт кезінде, Наурызбай ауданындағы сел кезінде, Арыстағы апат кезінде, Алматыдағы ұшақ апаты кезінде жапа шеккендерге көмек берген. Қор жұмысын арнайы комиссия басқаратын болады», - деді партия филиалы төрағасының орынбасары Станислав Канкуров.

Сонымен қатар, оның айтуынша, «Nur Otan» бастауыш партия ұйымдары, филиал қызметкерлері «Жаңа Алатау» қорының шотына бір күндік жалақысын аудармақ.

«ЖАҢА АЛАТАУ» қоғамдық қоры

РНН 600300567791

БИН 080740011034

ИИК №KZ826010131000165601

«Қазақстан Халық банкі» АҚ

БИК HSBKKZKX КБЕ 18 КНП 119

Телефон: 8 (727) 396-74-20

Жетекшісі

Балабеков Айдар Буйтагалиевич ИИН 710315301396