Көршісінің ауласынан 3 қой ұрлаған атыраулық 5 жылға сотталды

0
631

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Көршісінің ауласынан 3 қой ұрлаған атыраулық 5 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Атырау облысының тұрғыны көршісінің ауласынан 3 қойды ұрлап кеткен. Сот үкімімен күдікті 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады inform.kz.

Жылыой аудандық сотында мал ұрлаған күдіктіге қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен айып тағылған.

Аудандық соттың талқылауы кезінде Құлсары қаласының тұрғыны К.-ның 2023 жылғы 7 желтоқсанда көршісінің қоршалған мал қорасының ауласына кіріп, 3 қойды ұрлағаны анықталды. Ол ұрланған малды сатып, түскен ақшаны спирттік ішімдік сатып алуға жұмсаған. Сот жаза тағайындау барысында К.-ның бұрын Жылыой аудандық сотының 2020 жылғы 2 наурыздағы үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігімен (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғанын ескерді. Қылмыс жасалған кезде келтірілген материалдық залал өтелмеген.

Жылыой аудандық соты К.-ні кінәлі деп танып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.