Қостанайда өзеннен әйелдің мәйіті табылды

0
576

​​Қостанайда жоғалған 35 жастағы әйелдің денесі табылды.


Қостанайда өзеннен әйелдің мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Оған 22 қыркүйекте іздеу жарияланған, деп жазады sputnik.kz.

Полицияға оның жұбайы жүгінген. Аталған факті бойынша полиция іздестіру іс-шараларын жүргізді.
Бүгін таңғы сағат 8.25-те "102" пультіне үлкен көпір аймағындағы өзенде әйелдің денесі табылғаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Табылған мәйіт жоғалған Қуаныш Бермұхамбетова екені расталды.
Қазіргі уақытта өлімнің себебін анықтайтын сот-медициналық сараптама тағайындалған.
Оқиғаның мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады.