Қостанайда пластикалық ота жасайтын дәрігерге үкім шықты

0
224

Ол екі жәбірленушіге 3 миллион теңгеден төлеуге міндеттелді.


Қостанайда пластикалық ота жасайтын дәрігерге үкім шықты

Фото: Depositphotos

ERNUR.KZ. Қостанай қаласында пластикалық ота жасайтын хирург дәрігерге үкім шықты, деп жазады inbusiness.kz.

Басылымның жазуынша, қолында күмәнді дипломы болған 50 жастағы Ирина Громова адамдардың бет-әлпеті мен денесін түзететін пластикалық оталар жасаумен айналысқан.

Сот оны Қылмыстық Кодекстің 322-бабы (Заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және есiрткi немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецептілердi немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау) бойынша кінәлі деп тапты. Дәрігер екі жәбірленушіге моральдық өтемақы ретінде 3 миллион теңгеден төлеуі тиіс. Бұл қылмыстық теріс қылықтың ескіру мерзімі – бір жыл аяқталғандықтан, ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Прокурорлар әйелдің Мәскеудегі медициналық жоғары оқу орнын жеке барып аяқтай алмағанын анықтады. Себебі Шекара қызметінің мәліметтері бойынша ол оқыған кезде мемлекеттік шекараны екі рет қана кесіп өткен. Дәрігер екі күнге Челябинскіге барған.