Кремль Зеленскийдің Қазақстанда келіссөз жүргізу туралы ұсынысына жауап берді

0
75

Зеленский Путиннің Мәскеуге шақыртуынан бас тартқан.


Кремль Зеленскийдің Қазақстанда келіссөз жүргізу туралы ұсынысына жауап берді

фото: Sputnik / Алексей Майшев

ERNUR.KZ. Украиналықтар Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің ықтимал кездесуі өтетін жерге қатысты үстін-үстін ұсыныс жасап жатыр, деп жазады sputnik.kz.
"Украиналықтар кездесу өтетін жерге қатысты үстін-үстін ұсыныс жасап жатыр, көптеген елді атады. Олар алдымен Қазақстанды емес, біз үшін мүлдем қолайсыз елдерді атады", - деді Песков РБК радиосына берген сұхбатында.
Ресейдің қақтығысты реттеу үшін жұмыс топтарын құру туралы ұсынысына украиналық тарап жауап бермеді, дейді Песков.
"Киев тарапы, украин тарапы дбұған жауап бермеді. Бұл ұсыныс ауада тұрды", - деді ол.
Бұған дейін Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресей Украинамен саяси аспектілерді талқылауға және кез келген форматта жұмыс істеуге дайын екенін айтқан болатын. Оның айтуынша, шілде айында Ыстанбұлда өткен Украинамен келіссөздің үшінші кезеңінде Ресей ұсыныс айтқан. Ол – гуманитарлық, әскери және саяси мәселелерді нақты қарау үшін үш жұмыс тобын құру. Алайда Киев әлі жауап бермеген.

Сонымен қатар Зеленский Путиннің Мәскеуге шақыртуынан бас тартқан.