2027 жылғы республикалық бюджет жобасында Құрылтайдың қызметін қамтамасыз етуге 22,53 млрд теңге қарастырылған.
Фото: t.me/quryltairesmi
ERNUR.KZ. Бұл туралы 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасында көрсетілген, деп жазады inbusiness.kz.
Құрылтай құрамында 145 депутат бар, аталған соманы бір депутатқа шаққанда бюджет шығыны жылына шамамен 155,3 млн теңгені құрайды.
Бұл – депутаттың жалақысы ғана емес. Сома Құрылтайдың қызметін қамтамасыз етуге кететін барлық шығындарды қамтиды, оның ішіне жалақыдан бөлек: коммуналдық төлемдер, депутаттардың көмекшілері, кеңсе тауарлары, іссапарлар, депутаттардың тұруына байланысты шығындар және басқа да әкімшілік шығындар кіреді.
Қос палаталы Парламент жұмыс істеген 2026 жылы оның қызметін қамтамасыз етуге 31,96 млрд теңге жоспарланған. Ол кезде Мәжілісте 98, Сенатта 50 депутат болды және екі палатаның жеке әкімшілік аппараттары жұмыс істеді.
Ал жаңа Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін қамтамасыз етуге 2027 жылы 1,76 млрд теңге қарастырылып отыр.


