Бір адамға баспана кем дегенде 30 шаршы метрден келуге тиіс, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 23 шаршы метрге тең.
ERNUR.KZ. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін үкімет қолжетімді ипотекалық бағдарлама дайындау керек. Оның несие мөлшерлемесі 0-ден 5 процентке дейінгі аралықта болуға тиіс, деп жазады sputnik.kz.
Одақ өкілдері үкімет құрылыс саласын қаржыландыру қажет деп санайды. Содан кейін елімізде ипотекалық бағдарламаны жүзеге асыру үшін құрылыс материалдары өндірісін дамыту керек. Яғни, оған да жоба жасап, қаржы бөлген жөн. Себебі құрылыс материалдарының басым бөлігі шетелден келеді. Қазақстанда соңғы 20 жыл бойы пәтер бағасы жыл сайын кем дегенде 10-20 процентке қымбаттайды.
"Егер қазірден бастап, үкімет құрылыс саласын дамытуға қатысты тиісті шаралар қабылдамаса бұл үрдіс тоқтамайды", - дейді жиынға қатысушылар.
Айта кетері, Біріккен Ұлттан ұйымының стандартына сәйкес, бір адамға баспана кем дегенде 30 шаршы метрден келуге тиіс, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 23 шаршы метрге тең.
"Жұмысшылар, тас қалайтындар, ағаш өңдейтіндер, өндірісте істейтіндер кезекке тұра алмайды. Неге ондай айырмашылық бар? Бір азаматтың құқығы басқа азаматтан артық па? Бұл әділетсіздік деп санаймын. Сондықтан біздің нарыққа ипотека керек", - дейді "Қазақстан құрылысшылар одағы" РЗТБ төралқа төрағасы Талғат Ерғалиев.