ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының қызметтік міндеттерін уақытша орындау осы Комитет төрағасының бірінші орынбасары Теңізжан Жәнібековке жүктелді.
ERNUR.KZ. ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Дарқан Қанатбеков қызметінен босатылды, деп жазады ҚазАқпарат.
ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының қызметтік міндеттерін уақытша орындау осы Комитет төрағасының бірінші орынбасары Теңізжан Жәнібековке жүктелді.
Жәнібеков Теңізжан Нұрмаханұлы 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Еліміздің пенитенциарлық жүйесінде 2002 жылдан бері қызмет атқарып келеді. 2004 жылға дейін ОҚО бойынша ҚАЖКБ ИЧ-167/1 мекемесі бастығының жедел жұмыстар бойынша орынбасары болып жұмыс істеді.
2004-2010 жылдары ОҚО бойынша ҚАЖКБ ИЧ-167/1 мекемесінің бастығы қызметін атқарды.
2010-2011 жылдары – Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары.
2011-2012 жылдары Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментін басқарды.
2012-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы лауазымында болды.
2013-2016 жылдары – ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары.
2016-2019 жылдары ҚР ІІМ Экстремизмге қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
2019 жылдың мамыр айында ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.