Қыркүйектен бастап үш санат бойынша жәрдемақы өседі – Тоқаев тапсырма берді

0
779

Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда осы санатқа кіретін 700 мыңнан астам адам бар.


Қыркүйектен бастап үш санат бойынша жәрдемақы өседі – Тоқаев тапсырма берді

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше санат бойынша мемлекеттік жәрдемақыны қыркүйектен бастап көтеруді тапсырды, деп жазады sputnik.kz.

"Біз ерекше қажеттілігі бар адамдарды және олардың күтушілерін қолдау шараларын күшейтуіміз қажет. Сондай-ақ асыраушысынан айырылған азаматтар назардан тыс қалмауы керек. Осы орайда, үкіметке аталған санаттағы адамдардың жәрдемақысын орта есеппен 14,5 пайызға көбейтуді тапсырамын. Мұны биылғы 1 қыркүйектен бастап қолға алу қажет", - деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда осы санатқа кіретін 700 мыңнан астам адам бар.
Айта кетері, бұған дейін сенат қабылдаған Әлеуметтік кодекс жобасы аясында кейбір санаттағы азаматтардың жәрдемақысын 14,5%-ке көтеру жоспарланып отырғаны хабарланған болатын.
Олар:
мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындар;
мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырғандар;
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтындар;
саяси қуғын-сүргін құрбандары және саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткер адамдар;
ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар.