Мемлекет басшысының жарлығы Ақорда сайтында жарияланды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Қ.Е.Көшербаевты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындау туралы
"Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылсын, - деп жазылған Жарлықта.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік хатшы Марат Тәжинді қызметінен босатты.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылды", - делінген ресми құжатта.