"Қытайда оқытылады". Астанадағы LRT-ға қажетті оператор мамандарға іздеу жарияланды

0
360

Жұмыс ауысымдық кесте бойынша жүзеге асырылады.


Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

ERNUR.KZ. "City Transportation Systems" ЖШС жеңіл рельсті көлік желісінде жұмыс істейтін пойыз операторларын (машинист) оқытуға алдын ала қабылдау басталғандығынан көпшілікті құлақтандырады, деп жазады zakon.kz.
"LRT құрамдары толығымен автоматтандырылған және пилотсыз болады", делінген CTS хабарламасында.

LRT пойыз операторларының негізгі міндеттері:

  • жолаушылардың қауіпсіздігін және пойыздың техникалық жағдайын, барлық қауіпсіздік нормаларының сақталуын қадағалау;
  • автоматтандырылған басқару жүйесінің жұмысын үздіксіз бақылау, ақауларды анықтау және жою;
  • вагондардың электрлі жылытуды/желдетуді сақтау, жолаушыларды отырғызып/түсіру тәртібін реттеу, жылжымалы құрамның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша басқа да жұмыстарды атқару.
"Біз ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, ресми жұмысқа орналасуды, жұмыс берушінің есебінен біліктілікті арттыру/оқытуды, оқыту нәтижесі бойынша LRT басқаруға арналған халықаралық үлгідегі сертификат беруді ұсынамыз. Оқу мерзімі 1 жылға дейін. Мамандар жұмыс берушінің есебінен елімізде, сондай-ақ Қытайда оқытылады. Қызметкерлер Қазақстан Республикасының азаматтарынан құралады", - деп мәлімдеді "City Transportation Systems" ЖШС.

Мақсат – мамандандырылған компанияны жұмысқа тартпай, LRT жүйелерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу дағдыларын үйрету (ағымдағы және күрделі жөндеу).

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • темір жол көлігі саласындағы жоғары білім;
  • жұмыс тәжірибесі локомотив машинисі лауазымында кемінде 3 жыл/локомотив машинисі көмікшісі ретінде кемінде 5 жыл.

Жұмыс ауысымдық кесте бойынша жүзеге асырылады.Түйіндеме CTS ресми сайты арқылы қабылданады.