Құрама жүгі бар контейнерлік пойыз 48 қырық футтық контейнерден тұрады.
Құрама жүгі бар контейнерлік пойыз 48 қырық футтық контейнерден тұрады.
Құрам Қытайдың Туаньцзецунь теміржол станциясында (Чуньцин қаласы) құрылды.
Пойыз Қазақстан, Әзербайжан, Грузия аумағымен, одан әрі Қара теңіз арқылы Румыния бағытымен Финляндияға қарай бет алады.
Финляндияның Коувола қаласына дейінгі 9 мың шақырымдық күрделі мультимодальдық маршрутты құрам бар болғаны 20 күнде жүріп өтеді.
Жөнелтуді «Nurminen Logistics Services OY» фин операторымен «KTZ Express» АҚ бірлесіп ұйымдастырды.
Тасымалдау қатысушылары Транскаспий бағдарында жаңа сервис құру Қазақстан аумағы арқылы транзитпен Қытай – Финляндия – Қытай маршруты бойынша тасымал көлемін арттыратынын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Финляндиядағы ең ірі жүк операторы Nurminen Logistics Қытайдан Қазақстан арқылы жүретін контейнерлік бағытты іске қосқанын хабарлаған болатынбыз.
Екі ел теміржол әкімшіліктері KTZ Express және Nurminen Logistics атынан ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған.
Тараптар оның аясында Қазақстан арқылы Каспий бойынша екіжақты қатынастағы контейнерлік тасымалды дамыту туралы келіскен болатын.