​Қытайлықтар Алматы - Астана тасжолын жөндейді

0
1 267

Қытайлық мердігерлер Алматы - Астана тасжолын жөндеу жұмыстарына кірісті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Қытайлықтар Алматы - Астана тасжолын жөндейді

Қытайлық мердігерлер Алматы - Астана тасжолын жөндеу жұмыстарына кірісті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ. tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазавтожол" ҰҚ АҚ мәліметінше, Алматы облысында Құрты-Бурылбайтал тасжолының 2214-2295-шақырымында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы аумағы 81 шақырымға созылған.
"2017 жылдың қарашасында Sinohydro Corporation Limited ( КХР) мердігерлік компаниясы қызметкерлерді мобилизациялауды бастады. Құрылыс кестесіне сәйкес, қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады "Қазавтожол" АҚ баспасөз қызметі.

"Бүгінде тасжолдың 2252-2275-шақырымында (23 шақырым) және 2152-2214-шақырымында (62 шақырым) асфальтбетондар жөндеуден өтті. Жөндеу жұмыстарына қатысты негізгі жұмыстар 2018 жылдың мамыр айына жоспарланған болатын", - деп хабарлады компаниядағылар.
Сондай-ақ, Құрты-Бурылбайтал тасжолының бір учаскесі қайта жөнделетіні айтылады.

- Жамбыл облысы жақта 2152-шақырымнан 2152-шақырымға дейін. Айта кетейік, бас мердігер "Todini&SMS" (Италия/Қазақстан) компаниясы.