Қызылорда облысының Сырдария ауданында төтенше жағдай жарияланды

0
2 506

Қызылорда облысының Сырдария ауданында бөгет бұзылғаннан кейін төтенше жағдай режимі жарияланды


Қызылорда облысының Сырдария ауданында  төтенше жағдай жарияланды

Қызылорда облысының Сырдария ауданында бөгет бұзылғаннан кейін төтенше жағдай режимі жарияланды

Sputnik. Сырдария өзені тасығаннан кейін, жергілікті атқарушы органдар төтенше жағдай салдарын жоюға кірісті, деп мәлімдеді ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Бұған дейін Сырдария ауданының әкімдігі табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялаған болатын.

"Сырдария өзенінде су тасуының салдарын жою бойынша қызу жұмыс жүріп жатыр. Су деңгейінің көтерілуіне мұздың кептелуі себеп болған. Жеке тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарды су басқан жоқ", — делінген хабарламада.

Жергілікті атқарушы органдар төтенше жағдайдың салдарын жою және жағаны нығайту жұмыстары үшін 80 адам мен 16 ірі габаритті инженерлік техниканы тартты.

"Қазіргі таңда топырақ үйіліп, негізгі жерлерде судың тасуы тоқтатылды. Қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жақын маңдағы елді мекендерді су басу қаупі жоқ", — деп атап өтті Иманқұлов.

Қазіргі таңда жұмылдырылған адам күші мен техниканың арқасында биіктігі 1, ені 4-5 метр болатын 1,3 мың метр топырақ үйілді.