Қызылордада әскери көлікпен бірнеше нысанды қиратқан күдікті ұсталды

0
413

Бүлікті жасағаннан кейін оқиға орнынан ізін суытқан.


Қызылордада әскери көлікпен бірнеше нысанды қиратқан күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Оқиға Қызылорда қаласында 5 қаңтар күні болды. Жаппай тәртіпсіздік кезінде қала тұрғыны бүлікшілермен бірге облыс әкімдігінің ғимаратына баса көктеп кіріп, әскери «КаМАЗ» автокөлігін күшпен тартып алып кеткен, деп жазады Azattyq Rýhy.

Әскери көлік мініп кеткеннен кейін қала орталығында орналасқан жедел басқару орталығына қарасты бейнебақылау камерасын соғып, қиратқан. Бұдан соң ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының ғимаратының кіре беріс қоршауын бұзған.

Осындай бүлікті жасаған ол кейіннен оқиға орнынан ізін суытқан.

«Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2-бөлігі және 202 бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау шарасы таңдалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.