Қызылордада оқушы қызды көлік қағып кетті

0
724

​Жантүршігерлік жол апаты бейнебақылау камерасына түсіп қалған.


Қызылордада оқушы қызды көлік қағып кетті

ERNUR.KZ. Жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан оқушы қызды жүйіткіп келген жеңіл көлік қағып өтеді, деп жазады Экспресс К.

Көліктің жылдамдығының қатты болғаны сонша, қыз бірнеше метрге дейін ұшып кеткен. Бұл жағдайдан кейін оқушының қимылсыз қалғанын көруге болады. Ал қалалық полиция басқармасындағылар көлік қаққан оқушының аман екенін айтты.



"Осы оқиға бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалып, мән-жайы анықталып жатыр", - деп мәлімдеді полиция басқармасындағылар.