Лифтіде 5 жастағы балаға шабуылдаған жасөспірімнің кіммен бірге тұратыны белгілі болды

0
143

Биыл елімізде 12 мың мүгедек жан анықталған оның 10 мыңы – бала, соның 6 мыңы аутизмге шалдыққан.


Лифтіде 5 жастағы балаға шабуылдаған жасөспірімнің кіммен бірге тұратыны белгілі болды

Фото: Бейнежазбадан скрин

ERNUR.KZ. Ол елдегі осындай көп жағдайдың артында қаржы жетіспеушілігі тұрғанына тоқталды, деп жазады inbusiness.kz.

Елордада болған жаға ұстатарлық жайт қоғамда резонанс тудырған еді. Депутаттың сөзінше, 5 жастағы балаға тиісікен жасөспірімді жалғызбасты ана тәрбиелеп отыр. Ол ақшаның жетіспеушілігінен баласын үйде жалғыз қалдыруға мәжбүр болған.

– Елімізде 200 мыңнан астам психикалық ауытқуы бар адам бар, оның 28 мыңы – бала. Лифтіде болған жағдай бойынша айтайын, ол – жалғыз басты ана, қамқоршы ретінде алатын ақысы – 60 мың теңге, баласының екінші топтағы мүгедектігіне алатын жәрдемақысы – 80 мың теңге. Ол не істеді? Жұмыс істеуге баласының сыртынан жапты да кетті, ал баланың ойында не болды, ол жасөспірім әбден дайындалды, пышақтың сабын пакетпен орады, жақсылап киінді, баланың бетінен ұрды. Оған не деп айтасың, анасына не деп айтасың? – деді Таңсәуле Серіков.

Биыл елімізде 12 мың мүгедек жан анықталған оның 10 мыңы – бала, соның 6 мыңы аутизмге шалдыққан.