Лимандарға, суармалы шабындықтарға 12,4 миллиард текше метр су жіберілді

0
288

Су тасқыны кезінде еліміздің су қоймаларына 12 млрд текше метрден астам су жиналды.


Лимандарға, суармалы шабындықтарға 12,4 миллиард текше метр су жіберілді

Су ресурстары және ирригация министрлігі биылғы су тасқыны кезінде көлдерге, лимандарға және суармалы шабындықтарға 12,4 миллиард текше метр су жіберді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәлімдеуінше, лимандарға 1,2 млрд текше метр, көлдерге – 4,5 млрд текше метр, өзен сағасындағы суармалы шабындықтарға – 6,7 млрд текше метр су жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, су тасқыны кезінде еліміздің су қоймаларына 12 млрд текше метрден астам су жиналды – бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп. Жиналған тасқын суы экономика қажеттіліктері үшін пайдаланылады.

«Жиналған су негізінен ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдаланылады. Сондай-ақ, тасқын суын лимандар мен шабындықтарға бағыттау мал шаруашылығын қажетті жем-шөп қорымен қамтамасыз етуге оң әсер етеді. Тасқын судың бір бөлігі су қоймаларына жіберілді. Биыл қоймаларға жиналған судың жалпы көлемі 75 млрд текше метр, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 15 млрд текше метрге артық», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.