Локдаун болмайды - министр

0
621

Осы жылдар ішінде біз болжауды да, шектеу шараларын жоспарлауды да үйрендік.


Локдаун болмайды  - министр
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметі алаңында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, денсаулық сақтау жүйесіне жүктеме жоғары болған жағдайда ТЖ режимі мен қайта локдаун енгізу жайында айтып берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Оның сөзінше, ел ауқымында локдаун енгізу қарастырылып отырған жоқ.


«Біз қазіргі кезде қолданып отырған барлық шектеу шаралары денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктемені азайтуға, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесінің «қызып кетуіне» жол бермеуге, сондай-ақ коронавирустық инфекциядан болатын өлім-жітімді азайтуға бағытталған. Бұдан әрі шектеу шаралары әр өңірдегі, объектілердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты сараланып қабылданатын болады. Осы жылдар ішінде біз болжауды да, шектеу шараларын жоспарлауды да үйрендік», - деп түсіндірді елдің бас дәрігері.