"Мал деп ойлап қалған": Атырау облысының тұрғыны көршісін пышақтап өлтірді

0
119

Айыпталушыға шизофрения диагнозы қойылды.


фото: Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Атырау облысында көршісін пышақтап өлтірген тұрғынға сот үкімі шықты, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға биыл 8 маусымда Құрманғазы ауданындағы Каспий ауылында болған. Ер адам көршісін 27 жерден пышақтап өлтірген.
"Психиатриялық сараптама ер адам қылмысты ақыл-есі дұрыс емес күйде жасағанын анықтады. Судья Зарема Хамидуллина оны Алматы облысының Ақтас кентіндегі мамандандырылған психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуге шешім қабылдады", - деп жазды портал.
Анасының айтуынша, жылдар бойы ауыр психикалық аурумен есепте тұрған. Денсаулығы әсіресе көктем мен күзде нашарлайды. Оның айтуынша, ер адам өзіне және бауырына бірнеше рет шабуыл жасаған. Сол себепті қамауда ұстауға мәжбүр болған. Кейде ұлынан қашып, көршілеріне түнеуге кетіп жүрген.
Әйел ұлының отбасына ғана емес, айналасындағыларға да қауіп төндіргенін айтады. Бұған дейін де бір көршісінің басынан балтамен ұрып, кеудесіне шанышқы тығып алған.
Ер адам мезгіл-мезгіл облыстық психиатриялық ауруханаға екі айға жіберіліп тұрған. Бірақ дәрігерлер оны "жағдайы жақсарды" деп мерзімінен бұрын шығарған. Анасы дәрігерлерге оны босатуға болмайтынын бірнеше рет ескерткенімен, сөзіне ешкім құлақ аспапты.
Трагедия болған күні ер адам анасына пышақ ала жүгірген, содан кейін мал сойып жатырмын деп ойлап, көршісін өлтіріп тастаған.
Сот мәжбүрлеп емдеуден бас тартқан аудандық және облыстық психиатриялық клиникалар басшылығына жеке қаулы шығарды.