Мамандар дауыстың өзгеруі қатерлі ісік ауруының белгісі болуы мүмкін екенін айтты

0
1 023

Мамандар ауыз қуысындағы ісік жақтың, таңдайдың, еріннің немесе қызыл иектің ішкі жағында пайда болуы мүмкін екенін ескертті.


Мамандар дауыстың өзгеруі қатерлі ісік ауруының белгісі болуы мүмкін екенін айтты

ERNUR.KZ. Англияның ұлттық денсаулық сақтау қызметі қатерлі ісік ауруын дауыс арқылы қалай анықтау керектігін айтты. Сарапшылар дауыс өзгерістеріне назар аударуға кеңес береді, деп жазады Stan.kz.

Қатерлі ісік ауруын көрсетуі мүмкін басқа белгілерге жұтынудың қиындауы, салмақ жоғалуы, ауыздағы қан кету және ұю, босаған тістер, жақтың қозғалу қиындығы жатады.

Мамандар ауыз қуысындағы ісік жақтың, таңдайдың, еріннің немесе қызыл иектің ішкі жағында пайда болуы мүмкін екенін ескертті.

Егер сізде жоғарыда аталған белгілер болса дәрігермен кеңесу керек. Бірақ дүрбелеңге салынбаңыз. Өйткені олар басқа аурулардың да белгілерін көрсетуі мүмкін.