МАҢҒЫСТАУ: Эпидемиологтар құс тұмауының адамдарға жұғу қауіпі туралы айтты

0
794

Мамандар вирус жұқтырып алмау үшін бірнеше кеңес берді.


МАҢҒЫСТАУ: Эпидемиологтар  құс тұмауының адамдарға жұғу қауіпі туралы айтты

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында аққулардың жаппай қырылуынан кейін құс тұмауының адамға жұғу қауіпі туралы айтылды, деп жазады Stan.kz.

21 желтоқсанда Қаракөл көлінде аққулардың жаппай өлгені белгілі болды. Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық жүргізген зерттеу қорытындысына сәйкес аққулар құс тұмауынан өлген (H5N1 штаммы).


"Қазір аймақта құс тұмауының адамға жұғу ерегі тіркелмеді. Дегенмен құстарда анықталған тұмау адамнан адамға жұқпайды. ЖРВИ мен тұмаудың эпидемиологиялық кезеңінде бұл вирустың тұрғындар арасында тарау қауіпі бар", - делінген хабарламада.


Мамандар вирус жұқтырып алмау үшін бірнеше кеңес берді:

  • Инфекция тараған жерге бармау (аққулар өлген жер);
  • Маска тағып, қолды жиі жуу және антисептик қолдану;
  • Инфекция жұқтырған тірі немесе өлі құсты ұстамау;
  • Алғашқы белгілері пайда болғанда өзіңіз емделмеңіз, дәрігердің көмегіне жүгінген абзал.

Еске салайық, бұған дейін экология министрлігінің экс-қызметкері аққулардың өлімінен кейін Rixos қонақ үйіне қатысты мәлімдеме жасағаны туралы хабарланған болатын.