Манипуляция: «Омикрон нұсқасы шашқа «жабысып» таралады»

0
838

Sars-CoV-2 вирусының басқа нұсқалары сияқты омикрон да адамның шашында болуы мүмкін.


Манипуляция: «Омикрон нұсқасы шашқа «жабысып» таралады»

WhatsApp-та SARS-CoV-2 коронавирусының омикрон нұсқасы адамнан адамға шаш арқылы берілетіні туралы дыбыстық хабарлама таралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл теориядағы қателікті түсіндіріп өтейік.

Алдымен Sars-CoV-2 вирусының басқа нұсқалары сияқты омикрон да адамның шашында болуы мүмкін екендігін атап өтейік. Алайда, мұндай бетте патогендер өте қысқа ғана уақыт өмір сүреді және осылайша ауру жұқтыруыңыз екіталай. Бұл тиісті ғылыми зерттеулермен расталған.

"SARS-CoV-2 коронавирусы және оның барлық нұсқалары ауа-тамшы жолдарымен, тыныс алу, жөтелу және түшкіру арқылы беріледі. Сондықтан біз әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдар көп жиналатын орындарға бармау, бетперде тағу қажет деп айтамыз. Коронавирустық инфекцияның алдын алудың ең тиімді әдістері вакцинация және ревакцинация болып табылады", – деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Айта кетейік, ғалымдар үй жануарлары түгі арқылы вирусты таратуы мүмкін бе деген сұрақты да зерттеді. Нәтижесінде сарапшылар патогеннің бұл жолмен таралуы екіталай деген қорытындыға келді.