​«Манхэттен», «Кәусар»: Алматыда 70-тен астам жезөкшелер үйі анықталды

0
97

Заңсыз әрекет үшін үй берген пәтер иелері жауапқа тартылды.


​«Манхэттен», «Кәусар»: Алматыда 70-тен астам жезөкшелер үйі анықталды

Фото: видеодан алынған скрин

ERNUR.KZ. Алматы полициясы «Манхэттен», «Ақбұлақ» және «Кәусар» тұрғын үй кешендерінде жыныстық қызмет көрсететін жезөкшелер үйлері мен заңсыз жұмыс істейтін салондарды анықтады, деп жазады inform.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, рейд барысында 71 жезөкшелер үйі әшкере болды. Заңсыз әрекет үшін үй берген пәтер иелері жауапқа тартылды.

– Бұл пәтерлерде тіркеусіз және жеке басын куәландыратын құжатсыз тұрған адамдарға да әкімшілік шара қолданылды. Полиция қызметкерлері заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін күн сайын профилактикалық іс-шаралар жүргізеді, ал тұрғындар өз аудандарындағы қауіпсіздік пен тәртіпке жауапты болуы керек, - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда жол жөндеген мердігерлерді полиция тексеріп жатқанын жазғанбыз.