Мәжілісмен Қуаныш Сұлтанов: "Жалақымның жартысын тамағыма кетеді" (видео)

0
3 224

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары ет бағасына қатысты сауалнамаға қатысты.


Мәжілісмен Қуаныш Сұлтанов:

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары Қуаныш Сұлтанов айлығының тең жарымын ас-ауқатына жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елордалық журналистер мәжілісмендер арасында "етті көп жейсіз бе, етке қанша ақша жұмсайсыз" деген сұрақтар қойып, сауаланама жүргізіпті. Сауалнамаға қатысушылар арасында депутат Қуаныш Сұлтанов та бар.

"Еттің бағасы қымбаттау. Тапқан ақшамның, жалақымның жартысы тамағыма кетеді",- дейді Қуаныш Сұлтанұлы.


Айта кету керек, бүгінде мәжілісмендердің жалақысы 900 мың теңгені құрайды. Осы орайда, әлеуметтік желіге тараған бұл видеоны тамашалаған желі қолданушылары «депутаттардың жалақысының жартысы 500 мың теңге. Бұл қарапайым 5-6 отбасының ауқатының қаражаты. Асына қарап, қарқ қылып гений болып жатқандары шамалы» деген сарында пікірлерін білдіріпті.