Мектеп директорларын 5 жылдық мерзімге тағайындайтын болады

0
478

Бірінші басшы лауазымына тағайындауға арналған конкурсты ведомство немесе министрліктің құрылымдық бөлімшесі немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жариялайды.


Мектеп директорларын 5 жылдық мерзімге тағайындайтын болады

ERNUR.KZ. Білім және ғылым министрлігі Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату ережелерін жасап шығарды, деп жазады Stan.kz.

Аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларының бос немесе уақытша бос лауазымдары пайда болған кезде үш жұмыс күні ішінде облыстардың жергілікті атқарушы органдарына конкурс өткізу туралы өтініш енгізеді.

Бірінші басшы лауазымына тағайындауға арналған конкурсты ведомство немесе министрліктің құрылымдық бөлімшесі немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жариялайды.

Конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысының бос немесе уақытша бос лауазымы пайда болған күннен бастап 15 жұмыс күнінен кешіктірілмей жарияланады.

Бірінші басшы лауазымына ұсынылған үміткерлер өтініш пен құжаттарын Мемлекеттік корпорация немесе министрлік канцеляриясы арқылы тапсырады.

Байқау бірнеше кезеңнен тұрады:

  • конкурс жариялаған мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында, әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;
  • конкурсқа қатысуға ниет білдірген жеке тұлғалардан құжаттарды қабылдау;
  • конкурсқа қатысушылардың құжаттарын біліктілік бағалау;
  • заңнаманы, басқарушылық құзыреттерді, Педагогика және психология негіздерін білуге арналған ұлттық біліктілік тестілеу;
  • мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен кандидаттардың келісуі;
  • Мектепке дейінгі, арнайы (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, оңалту орталығы), қосымша білім беру ұйымының, Қылмыстық-Атқару Жүйесі Комитеті жанындағы білім беру ұйымының басшысы лауазымына орналасуға үміткер кандидатқа қатысты қамқоршылық кеңеспен келісу жүргізілмейді.
  • облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармасының конкурстық комиссиясының отырысында сұхбаттан өту;

Құжат 28 шілдеге дейін көпшілік талқылауға ұсынылып, "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.

Байқаудың нәтижері бойынша, мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы бес жылдық мерзімге тағайындалады. Осы уақыт біткен соң еңбек келісімшарттары ҚР Еңбек заңы негізінде қарастырылады.

Айта кетейік, осыған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп директорлары шексіз еңбек шарттарын жасатып, бір орында он жылдап отыра беретінін айтқан. Осыған байланысты директорларды тағайындаудың жаңа ережелері жасалады деп хабарланған еді.