Мектептер Ashyq жобасына қосылуы мүмкін

0
391

Балаларды қыркүйектен бастап оффлайн оқыту мәселесі пысықталып жатыр.


Мектептер Ashyq жобасына қосылуы мүмкін

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мектептерде Ashyq қосымшасы енгізілуі мүмкін екенін айтты, деп жазады sputnik.kz.

"Балаларды қыркүйектен бастап оффлайн оқыту мәселесі пысықталып жатыр. Бүгінде мектептерде оқитын балалар саны үш миллионнан асады. Біз оқушылардың мектепте вирус жұқтыруы немесе вирус әкелуі мүмкін екенін түсінеміз. Сол себепті мектептерді, балабақшаларды, жоғары оқу орындарын Ashyq жобасына міндетті түрде қосу мәселесі қарастырылып жатыр", - деді Есмағамбетова баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, 12 жасқа дейінгі балалар қоғамдық орындарға көп жағдайда ата-анасымен бірге барады. Сол себепті кіреберісте ата-ананың статусы қауіпсіз екені расталса, балалар солармен бірге өте алады.

Ал ересектерсіз қыдыратын 12 жастан асқан балалар үшін ерікті тестілеу қарастырылған.