Мемлекет басшысы 13 сенатордың өкілеттігін тоқтатты

0
528

Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды.


Мемлекет басшысы 13 сенатордың өкілеттігін тоқтатты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының 13 депутатының өкілеттігін тоқтатты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары:

  • Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың;
  • Владимир Васильевич Волковтың;
  • Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың;
  • Нұртөре Байтілесұлы Жүсіптің;
  • Ләззат Молдабекқызы Қалтаеваның;
  • Қайрат Пернешұлы Қожамжаровтың;
  • Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедтің;
  • Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевтың;
  • Дана Өмірбайқызы Нұржігітованың;
  • Қанатбек Бейсенбекұлы Сафиновтың;
  • Ләззат Жаңылысқызы Сүлейменнің;
  • Серікбай Өтелгенұлы Трұмовтың;
  • Асқар Оразалыұлы Шәкіровтің өкілеттіктері тоқтатылды.